2025 жылдың 28 мамыр мен 4 маусым күндері аралығында «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында Әбу Райхан әл-Бируни атындағы химия пәнінен халықаралық олимпиадасы өтті.
Халықаралық олимпиадаға Қазақстан құрама командасына 9 оқушы іріктеліп, Жамбыл облысынан 4 оқушы қатысып, нәтижесінде ІІІ дәрежелі диплом және қола медалін - 4 оқушы да иеленіп жеңімпаз атанды.
ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ, ҚОЛА МЕДАЛЬ ИЕГЕРЛЕРІ:
- Сыздықов Мухаммад - Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы;
- Тұрдықұл Дарын - Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы;
- Байсбек Мирас - Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
- Ибрагимова Айша - Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы.
Жеңімпаз оқушыларды және оларды дайындаған мұғалімдерін жеңістерімен құттықтаймыз!