2025 жылғы 11-12 маусым аралығында Алматы облысы, Райымбек ауданының Қарасаз ауылында жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында Республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауы өтті.
Байқауға Жамбыл облысынан 3 номинация бойынша 3 оқушы қатысып, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ІІ дәрежелі дипломын 2 оқушы иеленіп жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар, жеңімпаз оқушыларға Алматы облысы білім басқармасы «Жас дарын» ғылыми-практикалық орталығы тарапынан 50 000 теңгелік қаржылай сертификаты табысталды.
ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАЙ СЕРТИФИКАТ ИЕГЕРЛЕРІ:
- БОРАНБЕК БАТЫРХАН - Байзақ ауданы, Бурыл орта мектебінің 8 сынып оқушысы, «Айтып өткен ақында арман бар ма?» - Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын мәнерлеп оқу бағыты бойынша жеңімпаз;
- СЫДЫҚ МЕРЕЙ - Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы, «Жыр эстафетасы» - Мұқағали Мақатаевтың поэмаларын жатқа оқу бағыты бойынша жеңімпаз.
Жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз!