2025 жылғы 18-21 маусым күндері Семей қаласында жалпы білім беретін ұйымдардың 8-11 сынып оқушылары арасында XXVI Республикалық «Абай оқулары» шығармашылық конкурсы өтті. Биылғы байқау ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай алғаш рет халықаралық деңгейде ұйымдастырылды.
Байқауға Жамбыл облысынан 5 оқушы қатысып, нәтижесінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I дәрежелі диплом және алтын медалін - 3 оқушы, II дәрежелі диплом және күміс медалін - 2 оқушы иеленді. Сонымен қатар, жеңімпаздарға қаржылай сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ, АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАЙ СЕРТИФИКАТ ИЕГЕРЛЕРІ:
АЛЛАМБЕРГЕН ЖІБЕК - Байзақ ауданы, №1 мектеп гимназиясының 8 сынып оқушысы, «АБАЙДЫҢ АҚЫН ШӘКІРТТЕРІ» Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу номинациясы бойынша жеңімпаз;
АРАЛБАЙ АЙМАН - Шу ауданы, К.Әзірбаев атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы, «АБАЙДЫҢ АСЫЛ МҰРАСЫ» Абай өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқу номинациясы бойынша жеңімпаз;
ЕРБОЛ ДАРЫН - Тараз қаласы, №37 орта мектебінің 10 сынып оқушысы, «ӘНДІ СҮЙСЕҢ МЕНШЕ СҮЙ» Абай және Шәкәрім, Ақылбай әндері мен күйлерін орындау шеберлігі номинациясы бойынша жеңімпаз.
ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ, КҮМІС МЕДАЛЬ ЖӘНЕ БАҒАЛЫ СЫЙЛЫҚ ИЕГЕРЛЕРІ:
ТОҚБАЙ ЖАНСАЯ - Талас ауданы, Алғабас орта мектебінің 11 сынып оқушысы, «ӨЛЕҢГЕ ӘРКІМНІҢ-АҚ БАР ТАЛАСЫ» оқушылардың өз өлеңдерін оқу номинациясы бойынша жеңімпаз;
ТОҚТАҒУЛОВА АРУНАЙ - Меркі ауданы, Мәншүк Мәметова атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы, «СӨЗ ӨНЕРІНДЕГІ ҰЛЫ АБАЙ БЕЙНЕСІ» Абай туралы көркем туындыларды толық білу, талдау жасау номинациясы бойынша жеңімпаз.
Жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз!