2025 жылдың 24-25 маусым күндері Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы «Қызылжар дарыны» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Мағжан оқулары» байқауы өтті.
Байқауға Жамбыл облысынан 3 оқушы қатысып, нәтижесінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Дарын РҒПО -ның дипломын ІІІ дәрежелі дипломын 2 оқушы иеленді және 1 оқушы грамотамен марапатталды. Сонымен қатар, жеңімпаз оқушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.
Атап айтсақ:
«Өлең- менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі диплом иегері:
- МАМЫРОВ ЖАН - Тараз қаласы, Н.Данаев атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы;
«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған»- жас дарындар номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі диплом иегері:
- МЫРЗАБЕК ЕРЗАТ - Т.Рысқұлов ауданы, Құлан мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы.
Сондай-ақ, «Жасынан оқу оқып, өнер қуған» номинациясы бойынша Грамота иегері:
- СЕРІК АЙЛУ - Меркі ауданы, М.Әуезов атындағы №9 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы.
ЖЕҢІМПАЗ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!