МЕНЮ

Облыстық «Эко-юрист» жас экологтар байқауы 24 қыркүйек күні өтті

2025 жылдың 24 қыркүйек күні «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында «Эко-күнтізбе» айдарында жоспарланған 8-10 сынып оқушыларына арналған «Эко-юрист» болашақ экологтар байқауының облыстық кезеңі онлайн форматта өткізілді.

Байқаудың мақсаты - оқушылардың экология бойынша құқықтық сауаттылығын жетілдіру, табиғат байлықтарын заңдық, нормативтік тұрғыда қорғау талаптарын меңгеру қабілеттерін ашуға көмектесу.

Облыстық байқауға аудандық, қалалық, облыстық білім беру ұйымдарынан 48 оқушы қатысты, оның ішінен 21 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

Байқау қорытындысы бойынша 8 сыныптар арасынан 7 оқушы, 9 сыныптар арасынан 7 оқушы, 10 сыныптар арасынан 7 оқушы жүлделі орындарды иеленіп, арнайы дипломдармен марапатталды.

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar