2025 жылдың қыркүйек айының 30 мен қазан айының 2 күндері аралығында «Дарын» РҒПО және «Жас дарын» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы «Жыр алыбы – Жамбыл» республикалық жас ақындар айтысы өтті.
Жас ақындар айтысына Жамбыл облысынан екі оқушы қатысып, бас жүлдені - 1оқушы, ІІІ дәрежелі дипломды – 1оқушы иеленіп, қаржылай сертификаттармен марапатталды.
Атап айтсақ:
БАС ЖҮЛДЕ ЖӘНЕ 150 МЫҢ ТЕҢГЕЛІК ҚАРЖЫЛАЙ СЕРТИФИКАТ ИЕГЕРІ:
ЖАҢАБАЙ ІНЖУ - Тараз қаласы, №3 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы «Қайым айтыс» номинациясы бойынша жеңімпаз.
ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ЖӘНЕ 50 МЫҢ ТЕҢГЕЛІК ҚАРЖЫЛАЙ СЕРТИФИКАТ ИЕГЕРІ:
ЕРЛАНҚЫЗЫ НАЗГҮЛ - Меркі ауданы, №5 Ақарал жалпы білім орта білім беретін мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы «Тақырыптық айтыс» номинациясы бойынша жеңімпаз.