МЕНЮ

Облыс оқушылары «Махамбет оқулары» байқауынан жүлделі орындар иеленді

Республикалық «Махамбет оқулары» ғылыми-шығармашылық конкурсы 2025 жылдың 8-10 қазан күндері аралығында Атырау қаласындағы Абай атындағы оқушылар орталығының базасында өтті.

Байқаудың мақсаты – мектеп оқушылары арасында Махамбеттің ұлтына ұран болған рухы биік туындыларын насихаттау.

Байқауға Жамбыл облысынан 5 оқушы қатысып, нәтижесінде 3 оқушы жеңімпаз атанып, 2 оқушы грамотамен және қаржылай сертификаттармен марапатталды.

І дәрежелі диплом иегері - ЖАНАБЕК БАҚКЕЛДІ, «Шашақты найза, шалқар күйі» - Махамбет күйлерін номинациясы бойынша Жамбыл ауданы, Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы;

II дәрежелі диплом иегері - АЛЛАМБЕРГЕН ЖІБЕК, «Ел құтқарар ер едім» - Махамбет шығармаларын жатқа оқу номинациясы бойынша Байзақ ауданы, №1 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы;

III дәрежелі диплом иегері - ҚАНАТ НҰРҒАНАТ, «Тартынбай сөйлер асылмын...» жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу номинациясы бойынша Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.

Грамотамен марапатталғандар:

- БЕКМАХАМБЕТ АБЗАЛ - «Біз,неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» - «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау номинациясы бойынша Т.Рысқұлов ауданы білім бөлімінің Ақбұлақ орта мектебінің 11 сынып оқушысы;

- СУШКЕВИЧ ВЕРОНИКА - «Ұлы арман» - Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу номинациясы бойынша Тараз қаласы білім бөлімінің №18 орта мектебінің 9 сынып оқушысы.

ЖЕҢІМПАЗ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar