МЕНЮ

«Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңі өтті

2025 жылдың 17 қазан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» АҒПО-ның ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты - шешендік өнер, әдебиет, дәстүрлі музыка және шығармашылық қабілеттерін дамытатын дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, сонымен қатар, Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау үшін патриотизм мен жауапкершілік сезімін ояту.

Шығармашылық байқау 6 номинация бойынша өтті:

  • «Шешендік, білгірлік сайысы» номинациясы;
  • «Көркемсөз оқу» номинациясы;
  • «Эссе жазу» номинациясы;
  • «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы;
  • «Ақындар айтысы» номинациясы;
  • «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы.

Облыстық кезеңге аудандық, Тараз қалалық және облыстық білім басқармасына қарасты дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарынан жалпы саны 75 оқушы қатысты.

Байқау нәтижесінде І дәрежелі дипломды – 6 оқушы, ІІ дәрежелі дипломды – 11 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломды - 17 оқушы иеленіп, терең білімімен ерекшеленгені үшін 16 оқушы грамотамен марапатталды. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға сертификат берілді.

Әр номинация бойынша І орынды иеленген жеңімпаз оқушылар «Ақберен» өнер байқауының республикалық кезеңіне жолдама алды.

Шығармашыл оқушыларды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar