МЕНЮ

9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі 22 қазан күні өткізілді

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 22 қазан күні 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі өтті.

Конкурстың мақсаты - оқушылардың зерттеу және талдау дағдыларын қалыптастыру, тарихқа қызығушылығын дамыту, отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеу, сондай-ақ туған өлкенің өткеніне және болашағына креативті көзқарасты қалыптастыру.

Интеллектуалдық конкурсқа аудандық, Тараз қаласының және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 57 оқушы қатысты.

Конкурс екі кезең бойынша өтті

I кезең – тестілеу,

ll кезеңде оқушылар «Менің өлкемнің тарихы мен мұрасы», «Менің өлкемнің символдары», «Жасампаздар: менің өлкемнің тұлғалары мен батырлары», «Ертеңгі менің өлкем: болашақ жобасы» номинациялары бойынша дайындаған жобаларын қорғады.

Байқаудың қорытындысы бойынша 25 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, І орынды 4 оқушы, ІІ орынды 9 оқушы, ІІІ орынды 12 оқушы иеленіп, дипломдармен марапатталды.

«Менің шағын Отаным» конкурсының облыстық кезеңінде І орынды иеленген 4 оқушы интеллектуалдық конкурстың республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алды.

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar