
2025 жылдың 14 қараша күні «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында «Эко-күнтізбе» айдарында жоспарланған 2-7 сынып оқушыларына арналған «Табиғат лирикасы» тақырыбындағы шығармашылық байқауының облыстық кезеңі онлайн форматта өткізіледі.
Байқаудың мақсаты - оқушылардың табиғаттағы көркем құбылыстарды сезіну қабілеттерін арттыру;
- ақындық өнері мен шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
Байқаудың міндеттері – оқушылардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру;
- табиғатқа байланысты өзіндік шығармашылық өнерін дамыту;
- оқушыларды табиғатты қорғау қызметіне бейімдеу және туған өлке табиғатына оң экологиялық көзқарас қалыптастыру.
Қатысушыларға сәттілік!