Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-прктикалық орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 30 қазан күні Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясының базасында жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушыларының арасында республикалық «Маралтай оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті.
Байқау 2 номинация бойынша өтті:
1. «Тарпаң мінезді Маралтай» - М.Райымбекұлының өлеңдерін жатқа оқу;
2. «Жас ғасыр, жаңа замана» - «Анамның сөзі» тақырыбында жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқуы.
Байқауға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының және облыстық білім басқармасына қарасты мекемелерден 24 оқушы қатысты.
Байқау нәтижесінде облыстық білім басқармасының І дәрежелі дипломын - 2 оқушы, ІІ дәрежелі дипломын-3 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломын - 6 оқушы иеленіп, терең білімімен ерекшеленгені үшін 4 оқушы грамотамен марапатталды. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.
Жеңімпаз оқушыларды жүлделі орындармен құттықтаймыз.