МЕНЮ

Жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсының қорытындысы

2025 жылдың 29-31 қазан аралығында Астана  қаласында өткен Жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсына облысымыздан 4 оқушы қатысты.

«Менің өлкемнің тарихы мен мұрасы»  номинациясы бойынша Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Қалдыбекқызы Әсемай, «Менің өлкемнің символдары» номинациясы бойынша бойынша Рысқұлов ауданы, Ақтоған шағын орталықты орта мектебінің  9 сынып оқушысы Тұрғұмбай Айнель, «Жасампаздар: менің өлкемнің тұлғалары мен батырлары» номинациясы бойынша Қордай ауданы, №14 Ә.Нүсіпбаев атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Байжан Қамажай конкурсқа белсене қатысқандары үшін арнайы РҒПО-ның сертификаттарын иеленді.

«Ертеңгі менің өлкем: болашақ жобасы» номинациясы бойынша Тараз қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Тайбағар Дарын жүлделі 1 орынды иеленді.

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar