2025 жылдың 30-31 қазан күндері Астана қаласында «КАЗРОБОТИКС» федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «KazRoboSport-2025» республикалық чемпионаты өтті.
Чемпионатқа Жамбыл облысынан Сумо, Роботрейс бағыты бойынша Тараз қалалық білім бөліміне қарасты №7мектеп-гимназиясы, Техникалық шығармашылық орталығынан екі команда қатысып, бақ сынасты.
Нәтижесінде,Сумо бағыты бойынша Тараз қаласы №7 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушылары Коголь Иван, Лащевская Наталья қола медальдарымен марапатталды.