2025 жылдың 28-29 қазан күндері ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың III (облыстық) кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты: жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік іскерліктерін тереңдету, дарынды балаларды анықтау, республикалық олимпиадаға қатысатын оқушыларды іріктеу мен даярлау.
Олимпиадаға жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша 386 оқушы, ал қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша 449 оқушы қатысты.
Нәтижесінде:
І орын – 59;
ІІ орын – 83;
ІІІ орын – 181.
Сонымен қатар, 96 оқушы терең білімімен ерекшеленгені үшін грамоталармен марапатталды.
Олимпиаданың III облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша І орынды иеленген оқушылар IV республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алды.
Жеңімпаз оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!
Республикалық кезеңге өткен оқушыларға сәттілік тілейміз!