2025 жылдың 6-7 қараша күндері Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында орналасқан «Шабыт» орталығында өткен «NatRoboCom-2025» республикалық жарысында ұлттық ойындар бағыты бойынша «Асық ату» категориясынан тартысты сайыс өтті.
Бұл додада Тараз қаласының намысын қорғаған оқушыларымыз жоғары нәтиже көрсетті:
№45 гимназияның оқушылары Бейбітқызы Кәусар мен Руслан Әнел – І орын,
№66 «Келешек» мектебінің оқушылары Серік Қазына мен Телтай Айару – ІІ орын иеленді. Жетекшісі Жумагалиева Рахат Муратовна.