Ағымдағы жылдың 6-8 қараша күндері Ақмола облысы, Щучинск қаласында шығармашыл оқушылар арасындағы XII республикалық «Ақберен» өнер байқауы өтті.
8-11 сынып оқушысының шығармашылық қабілетін ашу, өлең жазуын, сөз саптауын, тапқырлық қырын танып, талантын ары қарай дамыту, оған ұлттық тәрбие беру мақсатына бағытталған байқауға Қазақстанның әр өңірінен 128 жас дарын бәсекеге түссе, соның ішінде Жамбыл облысының 6 оқушысы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Байқау нәтижесінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І дәрежелі дипломын -2 оқушы, II дәрежелі дипломын - 2 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломын - 2 оқушы иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, Жамбыл облысының командасы I орын иеленіп, жеңімпаз атанды!
І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРІ:
- УШКУМПЕР ІНЖУ - Ұлттық аспапта өнер көрсету номинациясы бойынша облыстық Абай атындағы мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы;
- ЖАҢАБАЙ ІНЖУ - «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша Тараз қаласы, №3 мектеп - лицейінің 11 сынып оқушысы
ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ:
- ОРЫСБАЙ МЕЙІРІМ - «Шешендік білгірлік сайысы» номинациясы бойынша Меркі ауданы, А.Қосанұлы атындағы №18 орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
- СӘТТҰРСЫН АЛДИЯР - «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша Талас ауданы, Қаратау орта мектебінің 9 сынып оқушысы.
III ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ:
КАНИБЕТОВА МУСЛИМА - «Эссе жазу» номинациясы бойынша Тараз қаласы, Төле би атындағы №8 гимназиясының 9 сынып оқушысы;
ЖАМАЛБЕК МЕРЕЙ - «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша Жамбыл ауданы, Айшабибі орта мектебінің 10 сынып оқушысы.
Өнерлі оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!