МЕНЮ

2025 жылдың 14 қараша күні «FIRST ROBOTICS» робототехника бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының аймақтық іріктеу кезеңі өтеді

2025 жылдың 14 қараша күні «USTEM Foundation» қоғамдық қоры мен «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталының ұйымдастыруымен «First Robotics» робототехника бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының аймақтық іріктеу кезеңі өтеді.

Конкурстан үздік жоба көрсеткен команда республикалық кезеңге жолдама алады.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы “USTEM Foundation” қоғамдық қорымен бірлесе, «First Robotics» робототехника бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы өткізіледі.

Конкурс 5 кезеңнен тұрады:

1) Техникалық кезең
2) Аймақтық іріктеу кезеңі
3) Social Media Challenge
4) Ұлттық іріктеу кезеңі
5) Дүниежүзілік кезең

Қатысушы командаларға сәттілік тілейміз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar