МЕНЮ

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті

2025 жылдың 19 қазан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Абай атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясының базасында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты: оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету болып табылады.

Байқаудың міндеттері: оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, ең талантты және дарынды зерттеушілерді іріктеу және қолдау, оқушылардың үздік зерттеу жетістіктері мен өнертабыстарын көрсету және насихаттау, оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту мәселелеріне қоғамның назарын аудару және ғылыми-зерттеу ресурстарын тарту.

Конкурсқа 16 секцияда 4 бағыт бойынша жұмыстар ұсынылды.

І бағыт - «Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде» - секциялар: физика, техника, Жер және ғарыш туралы ғылым.

ІІ бағыт - «Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді математикалық модельдеу» - секциялар: математика, қолданбалы математика, информатика, экономика.

ІІІ бағыт - «Салауатты табиғи орта- «Қазақстан – 2030» стратегиясын жүзеге асырудың негізі» - секциялар: химия, биология, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы.

IV бағыт - «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар» - секциялар: тарих, өлкетану, этномәдениеттану, тіл білімі, адам және қоғам, әдебиет.

Конкурстың облыстық кезеңіне Жамбыл облысының барлық аудандары мен Тараз қаласынан және білім басқармасына қарасты облыстық білім беру ұйымдарынан 508 оқушы қатысып, бақтарын сынады.

Сондай-ақ қатысушылардың зерттеу жұмыстарын өңіріміздің жоғарғы оқу орындарының оқытушы – ғалымдары бағалады.

Конкурстың бірінші турының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және медальдарымен марапатталды.​

Байқау қорытындысы бойынша 186 оқушы жеңімпаз атанып, I - орынды  38 оқушы, II - орынды 52 оқушы, III - орынды 96 оқушы иеленіп, жеңімпаз атанды.

Жеңімпаз оқушыларды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar