МЕНЮ

«Қазақтың біртуар ұлы - Дінмұхамед Қонаев» облыстық шығармашылық байқауы өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» АҒПО-ы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің Д.А. Қонаев орталығымен бірлесе 2025 жылдың 18 қараша күні Тараз қаласы, «Konaev Smart School» мектебінің базасында жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында облыстық «Қазақтың біртуар ұлы - Дінмұхамед Қонаев» шығармашылық байқауы өтті.

​Байқаудың ережесіне сай 3 бағыт бойынша өтті:

1. «Қазақтың біртуар ұлы Дінмұхамед Қонаев» - ғылыми жоба бағыты;
2. «Дара тұлға ізімен» - эссе жазу;
3. «Дана тұлға, дара тұлға - Д.А.Қонаев» - жас ақындар мүшәйрасы.
 
​Байқауға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының және облыстық білім басқармасына қарасты мекемелерден 44 оқушы қатысты.

​Байқау нәтижесінде облыстық білім басқармасының І дәрежелі дипломын - 3 оқушы, ІІ дәрежелі дипломын - 6 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломын - 10 оқушы иеленді және терең білімімен ерекшеленгені үшін 8 оқушы грамотамен марапатталды.

Сондай-ақ, жеңімпаз оқушыларға бағалы сыйлықтар табысталып, барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.

​​Жеңімпаз оқушыларды жүлделі орындармен құттықтаймыз.

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar