2025 жылдың 24 қарашасында 8-11 сынып оқушылары арасында тіл білімі бойынша Қолданбалы лингвистика олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты – Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларының білімдерін арттыру және тіл біліміне қызығушылықтарын ояту. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері мен шығармашылық дағдыларын дамыту.
Олимпиадаға аудандық, Тараз қалалық білім беру ұйымдарынан 45 оқушы қатысты.
Олимпиаданың тапсырмалары лингвистиканың барлық салаларын, соның ішінде фонологияны, морфологияны, синтаксисті, семантиканы, тарихи лингвистиканы және т.б. қамтиды.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының І дәрежелі дипломын 2 оқушы, ІІ дәрежелі дипломын 8 оқушы, III дәрежелі дипломын 14 оқушы иеленіп, 10 оқушыға терең білімімен ерекшеленгені үшін грамота берілді.
Облыстық кезеңде І дәрежелі диплом иеленген дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Зәкір Қуаныш және Тараз қаласы, TARAZ HIGH SCHOOL 10 сынып оқушысы Малик Диана лингвистика олимпиадасының республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алды.
Олимпиадада топ жарған талантты оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!