МЕНЮ

8-11(12) сынып оқушылары арасында «Маралтай оқулары» шығармашылық байқауының республикалық кезеңінің қорытындысы

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы және Сарысу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2025 жылдың 26-28 қараша күндері аралығында Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласының Мәдениет үйінің базасында 8-11(12) сынып оқушылары арасында «Маралтай оқулары» шығармашылық байқауының қорытынды республикалық кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты – мектеп оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Маралтай Райымбекұлының шығармашылығын насихаттау, қайраткерлік тұлғасын өскелең ұрпаққа кеңінен мазмұндап, егемен еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне үлес қосу.

Байқау ережеге сәйкес 2 номинация бойынша өтті:

1. «Тарпаң мінезді Маралтай» номинациясы бойынша оқушылар Маралтай Райымбекұлының өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқиды;
2. «Жас ғасыр, жаңа замана» номинациясы бойынша жас ақындар өз туындыларын мәнерлеп оқиды.

​​Байқауға еліміздің әр өңірінен 2 оқушыдан жалпы 35 оқушы қатысты.

​Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешімімен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және арнайы қаржылай сертификаттарымен марапатталды. Байқаудың барлық қатысушыларына «Дарын» РҒПО-ның сертификаттары берілді.

​​Нәтижесінде І орынды - 2 оқушы, ІІ орынды - 7 оқушы, ІІІ орынды - 8 оқушы, грамотамен - 5 оқушы марапатталды.

​Жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar