2025 жылдың 1 желтоқсан күні Тараз қаласы, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің базасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы өткізілді.
Зияткерлік сайысының мақсаты - оқушылардың оқу әрекетін ынталандыру, жоғары интеллектуалдық қабілеті бар, дарынды оқушыларды қолдау.
Облыстық кезеңге аудандық/қалалық іріктеуден өткен 120 оқушы қатысты.
Зияткерлік ойын екі кезеңде өткізіледі:
І кезең - 60 сұрақтан құралған тест жазады. Ең жоғарғы ұпай жинаған 10 оқушы ауызша кезеңге қатысты. ІІ кезең - ауызша түрінде өтті.
ІІ кезеңге 10 оқушы іріктеліп, «Сөре», «Қарқын», «Бақ пен бап» кезеңдері бойынша дайындалған сұрақ-жауап айдарына қатысып, 5 оқушы:
Аманбай Меруерт - №1 гимназия мектебінің оқушысы
Рузи Диас - ІТ лицей-интрнатының оқушысы
Қанат Нұрғанат - БИЛ ұлдар интернатының оқушысы
Әділбек Нұрдәулет - «Дарын» лицей-интернатының оқушысы
Ошан Диана - Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының республикалық (қорытынды) кезеңіне жолдама алды.
Барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар беріліп, ІІ кезеңге дейін келген 5 оқушы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің ректорының ынталандыру Алғыс хаттарымен марапаталды!