МЕНЮ

Сыздықов Мұхаммад жасөспірімдер арасындағы халықаралық олимпиадасы (IJSO) күміс медаль жеңіп алды

Ағымдағы жылдың 23 қараша-2 желтоқсан күндері аралығында Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы IJSO-2025 халықаралық жаратылыстану олимпиадасына қатысты. Ресей Федерациясының Сочи қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы IJSO-2025 халықаралық жаратылыстану олимпиадасына әлемнің 50-ден астам елінен 300 жас ғалым өз бақтарын сынады.

Қазақстан құрамасы 6 оқушыдан және физика, биология, химия пәндері бойынша үш жетекшіден құралды.

Қазақстан құрама командасына кірген дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей- интернатының 10-сынып оқушысы Сыздықов Мухаммад өз бағын сынап күміс медаль иегері атанды.

Сыздықов Мұхаммадты және дайындаған жетекшісін жеңістерімен құттықтаймыз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar