МЕНЮ

2-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі өтті

2025 жылдың 5 желтоқсан күні Тараз қаласының білім бөлімінің Шерхан Мұртаза атындағы №30 мектеп- гимназиясының базасында 2-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының мақсаты: балалардың  зерттеу дағдыларын дамыту және мектеп оқушыларының интеллектуалдық- шығармашылық әлеуетін ынталандыру.

2-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» республикалық зерттеу  жобалары конкурсына аудандық, Тараз қаласының және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының  оқушылары қатысты.

Конкурстың облыстық (іріктеу) кезеңіне  12 секция бойынша 295 оқушы, 269 жобамен қатысты.

Байқаудың қорытындысы бойынша 135 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, І орынды 26 оқушы, ІІ орынды  52 оқушы, ІІІ орынды 67 оқушы иеленіп, дипломдармен марапатталды.

2-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» республикалық зерттеу жобалары  конкурсының облыстық кезеңінде  І орынды иеленген 26 оқушы конкурстың республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алды.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar