МЕНЮ

Дәстүрлі Х республикалық «Шерхан Мұртаза оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өтті

2025 жылдың 10 желтоқсан күні «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық университетінің «Шерхантану» орталығымен бірлесе ұйымдастыруымен Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық университетінің бас оқу ғимаратының базасында дәстүрлі ІХ республикалық «Шерхан Мұртаза оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өтті. 
 
Байқаудың мақсаты - мектеп оқушылары арасында қазақтың халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ш.Мұртазаның шығармаларын насихаттау, қайраткерлік тұлғасын өскелең ұрпаққа кеңінен мазмұндап, тәуелсіз ел руханиятындағы маңызын зерделеу, егемен еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне үлес қосу.
 
Байқау 3 номинация бойынша өткізілді. І номинация - «Жүрекке жол тапқан жұлдыз көпір», ІІ номинация - «Зау тұлға», ІІІ номинация - «Шерхан Мұртаза мұрасы».
Облыстық кезеңге Жамбыл облысының барлық аудандары мен Тараз қаласынан және білім басқармасына қарасты облыстық мекемелерден 47 үміткер қатысты.
 
Байқаудың нәтижесі бойынша I орынды – 6 оқушы, II орынды – 6 оқушы, III орынды – 9 оқушы иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar