9-11 (12) сынып оқушыларына арналған қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтеді. Бұл – аталған бағыттағы алғашқы ұлттық деңгейдегі білім сайысы.
Қатысушылар қаржылық қауіпсіздік, цифрлық этика, жеке және отбасылық бюджет жоспарлау, инвестиция негіздері мен жауапты тұтынушылық мәдениеті тақырыптары бойынша компьютермен Safe Exam Browser платформасында тапсырмаларды орындайды.
Ең жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар келесі – республикалық кезеңге жолдама алды.
Қорытынды республикалық кезең 2026 жылғы 20 мамырға дейін Астана қаласында өткізіліп, еліміздің барлық өңірлерінен және республикалық білім беру ұйымдарынан келген 150-ден астам үздік оқушыны біріктіреді.
Олимпиаданың басты мақсаты – оқушылардың қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік саласындағы теориялық білімін және практикалық дағдыларын дамыту, сондай-ақ осы бағыттағы білімді жастар арасында кеңінен насихаттау.
Жоба Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Halyk Bank» АҚ және Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігімен бірлесіп жүзеге асырылуда.