МЕНЮ

2025 жылдың 19-20 желтоқсан күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің екінші (тестілеу) кезеңі өтті

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірлігінің «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының 5.12.2025 жылғы №1649/15-11-06 хатына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 19-20 желтоқсан күндері Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалары конкурсының (екінші) тестілеу кезеңі Тараз қаласы, Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университетінің базасында өткізілді.

Конкурстың мақсаты: оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету болып табылады.

Конкурстың міндеттері: оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, ең талантты және дарынды зерттеушілерді іріктеу және қолдау, оқушылардың үздік зерттеу жетістіктері мен өнертабыстарын көрсету және насихаттау, оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту мәселелеріне қоғамның назарын аудару және ғылыми-зерттеу ресурстарын тарту.

Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде «Дарын» РҒПО-ның бір мезгілде өтетін тестілеу кезеңіне Жамбыл облысы бойынша Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының жобаларды қорғау кезеңінен жеңімпаз атанған 286 оқушы қатысты.

19-20 желтоқсан күндері оқушылар төмендегі уақыт аралығында 2 лек бойынша жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша - 144 оқушы, қоғамдық-гуманитарлық бағытында - 142 оқушы 21 пән бойынша тест тапсырмаларын орындап, білім сайысына түсті.  

19 желтоқсан күні 1 ағым, сағат 10:00-12:00 уақыт аралығында - математика, қолданбалы математика, информатика, экономика, биология, Адам денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау пәндері.

2 ағым, сағат 15:00-17:00 уақыт аралығында - химия, қазақ тілі қазақ мектептерінде, қазақ тілі орыс мектептерінде, орыс тілі қазақ  мектептерінде, орыс тілі орыс мектептерінде, ағылшын тілі, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті пәндері.

20 желтоқсан күні 3 ағым, сағат 10:00-12:00 уақыт аралығында - физика, техника, Жер және ғарыш туралы ғылым, тарих, Адам және қоғам, өлкетану, этномәдениеттану пәндері.

Тестілеу турының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Бектурганова Жанат Дүйсенбекқызы және Тараз қаласының білім бөлімінің «Ата-аналар» кеңесінің төрайымы Рсбаева Ғалия Орынбаевна қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar