2025 жылдың 23 желтоқсан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық VIІI «Абайтану» олимпиадасының облыстық кезеңі Абай атындағы мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясының базасында өтті.
Олимпиаданың мақсаты - Абай шығармашылығын оқу арқылы көркемсөздің танымдық, тағылымдық, эстетикалық мән-маңызын түсініп, бейнеленген өмір құбылыстарын көркемдік тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік, дағдылар қалыптастыру.
Олимпиада екі айналымда өткізілді:
1 айналым - жазбаша - Абай қара сөздері мен поэзиясы негізінде дайындалған тақырыптардың біріне эссе жазады (120 минут);
2 айналым - ауызша - Абай өлеңдері, қара сөздері мен «Абай жолы» романына байланысты берілген тапсырмаларды орындайды.
Олимпиадаға аудандық, Тараз қалалық және облыстық білім басқармасына қарасты дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары қатысты.
Олимпиада нәтижесінде 9-11 сынып бойынша І орын - 6 оқушы, ІІ орын - 6 оқушы, III орын - 6 оқушы облыстық білім басқармасының дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Олимпиадаға қатысушыларды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!