Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 15 желтоқсан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушыларына арналған қаржылық сауаттылық және қауіпіздік бойынша республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясының базасында өткен болатын.
Олимпиаданың мақсаты – қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік саласында терең білім, дағды және қабілеттерге ие талантты жастарды анықтау, сондай-ақ мектеп оқушылары арасында қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік бойынша білімді насихаттау.
Олимпиаданың облыстық кезеңіне 30 оқушысы қатысып, нәтижесінде республикалық кезеңге 6 оқушы іріктелініп өтті.
- Т.Рысқұлов ауданы, №1 мектеп-лицейінің оқушысы – Адилбекқызы Адия;
- Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының оқушылары – Қуаныш Аяна, Аргынбаева Акмарал;
- Дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейінің оқушылары – Ильяс Марасулов, Даутова София;
- Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясының оқушысы – Жайлаутай Фариза;
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Республикалық кезеңге өткен оқушыларға сәттілік тілейміз!