МЕНЮ

2025 жылдың 25 желтоқсан күні Мемлекет басшымыз жұмыс сапары аясында мамандандырылған әскери мектеп-интернатына барды!

Қасым-Жомарт Кемелұлы Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында мамандандырылған әскери мектеп-интернатының қызметімен танысып, білім алушы курсанттардың оқу кабинеттері мен спорт залын аралап көрді. Президентімізге әскери мектеп-интернатында 180 бала білім алып, интернатта тұратыны жөнінде баяндалды. Интернаттағы жас өскіндерге білім беріп, тегін тамақтандырады әрі тұрғынжаймен қамтамасыз етеді. Оқу бағдарламасы 7-11 сыныптарға арналған.

Білім ошағының негізгі мақсаты - келешектегі Отан қорғаушыларды даярлау, оларға әскери-патриоттық тәрбие беру. Әскери интернатта курсанттар сабақтан тыс уақытта роботты техника, дронды басқару, жасанды интеллект үйірмелеріне қатысады. Болашақ әскери қызметшілерге ағылшын тілі тереңдетіп оқытылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев оқушылармен әңгімелесіп, мемлекет тарапынан әскери білім беру жүйесін дамытуға ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті.

Іс-шара соңында Мемлекет басшысы білім ошағына Бауыржан Момышұлының портретін және елімізде құрастырылған мектеп автобусын сыйға тартқан болатын!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar