
2026 жылдың 23 қаңтар күні «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында «Эко-күнтізбе» айдарында жоспарланған облыстық 2-10 сынып оқушыларына арналған «Eco-Science» атты ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі онлайн форматта өтті.
Байқаудың мақсаты - оқушылардың ғылыми зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық проблемаларға көпшіліктің назарын аудару.
Байқау екі бағыт бойынша ұйымдастырылды:
I бағыт- «Жасыл экономика» бағыты - ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, туризм, энергетика саласы бойынша экологиялық ахуалдарын жақсартуға бағытталған экономикалық-заңдық негіздемесі бар жобалар әзірлеу.
II бағыт - «Қоршаған ортаны қорғау» бағыты – су қорларын басқару, таза ауа, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу жүйесін жетілдіру мақсатында зерттеу жұмысының дайын өнімін (тың идеяда жасалған макет, модель, бағдарлама, вертуалды жоба) ұсыну.
Облыстық байқауға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарынан 118 оқушы, 99 жобамен қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша I орынды - 8 оқушы, II орынды – 18 оқушы, III орынды – 27 оқушы иеленіп, арнайы дипломдармен марапатталды.
Жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз!