2026 жылдың 24-25 қаңтар күндері Астана қаласында Nazarbaev University базасында «Ustem foundation» қоғамдық қоры ұйымдастырған еліміздегі оқушылардың инженерлік және ғылыми қабілеттерін дамытуға бағыталған чемпионаты өтті.
Қор халықаралық деңгейде танылған «FIRST» бағдарламаларын (FIRST LEGO League, FIRST Tech Challenge, FIRST Global Challenge) ресми операторлары және Қазақстан мен Орталық Азия аумағында түрлі техникалық жарыстар мен форумдарды ұйымдастырады.
Осыған орай, «Astana FIRST Qualifier 2026» конкурсына Жамбыл облысынан «iRAZ» командасы чемпонатта бақ сынап, техникалық білімдерін жетілдіріп, Астана қаласында «Central Asia First Championship 2026» бойынша ақпан айында өтетін чемпионатқа жолдама алды!
Қатысушы оқушыларымызға сәттілік тілейміз!