2026 жылдың 28-31 қаңтар күндері аралығында «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың конкурсы Ақмола облысы, Щучинск қаласында орналасқан «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында өтті.
Жарыс - жаратылыстану-математикалық бағытының математика, қолданбалы математика; физика, космос; туризм және спорт; химия, биология; медицина, психология,экология,информатика, робототехника, STEM инженерия секциялары бойынша ұйымдастырылды.
Аталған секцияларға Жамбыл облысынан 14 оқушы 13 жобамен бәсекеге түсіп, нәтижесінде 9 оқушы жеңімпаз атанды. Атап айтсақ:
І дәрежелі диплом:
Математика, қолданбалы математика секциясы:
- Мұхаммед- Зәкір Әнуар - Тараз қаласы, Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы;
- Бақыт Нұрдария - Тараз қаласы, Жамбыл атындағы № 5 мектеп - гимназиясының 3-сынып оқушысы.
ІІ дәрежелі диплом:
Информатика, робототехника, STEM инженерия секциясы:
- Абаева Еркежан, Бейбітұлы Нұрасыл - Меркі ауданы, И. Трубицын атындағы №17 мектеп- гимназиясының 5-сынып оқушылары.
Физика, космос секциясы:
- Уали Жансерік - Тараз қаласы, Жамбыл атындағы №5 мектеп - гимназиясының 7 - сынып оқушысы.
ІІІ дәрежелі диплом:
Медицина, психология, экология секциясы:
- Сағымбек Талшын - Шу ауданы, Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы;
- Досымхан Дайрин, Арыстанбай Абулкарим -Тараз қаласы, Жамбыл атындағы №5 мектеп- гимназиясының 4-сынып оқушылары.
Туризм және спорт секциясы:
Көшер Абай - Тараз қаласы, Шайқорық орта мектебінің 4-сынып оқушысы.
Грамота
- Сәрсенбай Әлима - Жамбыл ауданы, Б.Момышұлы атындағы мектеп- гимназиясының 6-сынып оқушысы.
Жас зерттеуші ғалымдарды және дайындаған жетекшілерді жеңістерімен құттықтаймыз!