01 АҚПАН
15 СӘУІР
Мамандандырылған білім беру ұйымдарының 7 сыныпқа оқуға құжаттарды онлайн-тіркеу және қабылдау qabyldau.daryn.kz жүргізіледі.
МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕПТЕРГЕ ҚАБЫЛДАУ
Құрметті ата-аналар және оқушылар!
Үміткер қағидалары
Кезекшінің функциялары
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2026-2027 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға құжаттар қабылдауды жүзеге асырады.
Негіздеме: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.
Конкурстық іріктеудің өткізу күнін қосымша хабарлаймыз.
Өткізу формасы: тестілеу (офф-лайн).
Конкурс бекітілген тірек мектептерде өтеді.
7-сыныпқа түсушілер үшін - келесі пәндер бойынша 75 сұрақ:
- математика және логика - 55 сұрақ;
- оқу сауаттылығы - 10 сұрақ;
- Қазақстан тарихы - 10 сұрақ.
7-сыныпқа тестілеуге бөлінген уақыт - 120 минут.
Тестілеу тапсыру тілі: қазақ/орыс
Конкурстық іріктеудің барлық тест тапсырмалары логикалық сипаттағы тапсырмаларды қоса алғанда, өткен жылдардың оқу бағдарламалары негізінде жасалады.
Конкурсқа қатысты сұрақтар бойынша 8 747 724 00 79 телефонына хабарласыңыз.