МЕНЮ

Облыстық «Бауыржан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауы өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 4 ақпан күні Тараз қаласының білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының базасында жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында облыстық «Бауыржан оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты мен міндеті:

- Даңқты қолбасшы, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақты ұлттық ата-дәстүр рухына баулу арқылы жастардың шығармашылығын шыңдау, эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау;

- Оқушылар арасында майдангер - жазушы Бауыржан Момышұлы шығармаларын насихаттай отырып, дарынды балаларды қолдау, отансүйер, білімді, рухы берік азаматтарды тәрбиелеу.

Байқауға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының және облыстық білім басқармасына қарасты мекемелерден 80 оқушы қатысты.

Байқау 5 номинация бойынша өтті:

1. «Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, әдісіңе ақылыңды жолдас ет...» - эссе жазу бағыты;
2. «Алаштың айбыны - Бауыржан Момышұлы» -  ғылыми жоба бағыты; 
3. «Сыр айтам саған, халқым, ұға білсең» - үзіндіні жатқа оқу бағыты
4. «Томаға киген тау бүркіт»  - жас ақындар бағыты;
5. «Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін!» - TEDx бағыты.

Байқаудың нәтижесінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының І дәрежелі дипломын - 5 оқушы, ІІ дәрежелі дипломын - 10 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломын - 20 оқушы иеленіп, терең білімі үшін грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар, барлық оқушыларға сертификаттар берілді.

Жеңімпаз оқушыларды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar