Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірлігінің орта білім беру комитеті «El Umiti» Корпоративтік қорының ұйымдастыруымен өтетін ауыл мектептерінің 6 сынып оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының өтетін хабарлаймыз.
Олимпиадаға 20 ақпан мен 20 наурыз аралығында https://1000bala.elumiti.kz/ сайытында оқушылар мен мұғалімдерге тіркеу жүргізіледі.
Олимпиада екі кезеңнен тұрады:
I кезең - 2026 жылғы 1-15 сәуір аралығында https://1000bala.elumiti.kz сайтында прокторинг жүйесін қолдана отырып, онлайн форматта өтеді. I кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған 5000 оқушы II кезеңге жолдама алады.
II кезең - 24-26 сәуір аралығында аймақтық «Ұлттық тестілеу орталықтарында» офлайн форматта өткізіледі. II кезеңнің қорытындысы бойынша 1000 жеңімпаз анықталып, мамандандырылған мектептерге оқуға түсуге жолдама алады.