МЕНЮ

ХХl «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың конкурсында облыс оқушылары жеңімпаз атанды

2026 жылдың 20-23 ақпан күндері аралығында «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың конкурсы Ақмола облысы, Щучинск қаласында орналасқан «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында өтті.

Жарыс - қоғамдық-гуманитарлық бағытының қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих және өлкетану, этномәдениеттану, технология және өнер секциялары бойынша ұйымдастырылды.

Аталған секцияларға Жамбыл облысынан 12 оқушы 12 жобамен бәсекеге түсіп, нәтижесінде 9 оқушы жеңімпаз атанды. Атап айтсақ:

І дәрежелі диплом:

1) Бахытбек Айлин - Тараз қаласы, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы;
2) Рысбек Ұлжан - Тараз қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы;
3) Оңғарбай Кәусар - Тараз қаласы, Б.Момышұлы атындағы №45 классикалық гимназиясының 4 сынып оқушысы;
4) Ғабит Жансерік - Тараз қаласы, №64 орта мектебінің 3 сынып оқушысы.

ІІ дәрежелі диплом:

1) Казанцева Анастасия - Тараз қаласы, №11 орта мектебінің 3 сынып оқушысы;
2) Үшкемпір Эльнара - Тараз қаласы, Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы.

ІІІ дәрежелі диплом:

1) Қалдыбек Айару - Меркі ауданы, Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы;
2) Нұржігіт Іңкәр - Тараз қаласы, Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы.
3) Сабденова Адия - Облыстық мектеп, «Дарын» лицей-интернатының 7 сынып оқушысы;

Грамотамен:

1) Масанов Мустафа - Қордай ауданы, №19 Булар Батыр атындағы орта мектебінің 3 сынып оқушысы. 

Сертификатпен:

1) Бейсен Ердәулет - Жамбыл ауданы, Айша бибі орта мектебінің 4 сынып оқушысы;
2) Оралбек Ескендір - Б.Момышұлы атындағы №45 классикалық гимназиясының 6 сынып оқушысы.

Жас зерттеуші ғалымдарды және дайындаған жетекшілерді жеңістерімен құттықтаймыз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar