2026 жылдың 21-22 ақпан күндері Алматы қаласында өткен Республикалық Жәутіков олимпиадасы 6-8 сынып оқушыларына арналған математика, физика және информатика пәндері бойынша олимпиада өтті.
Олимпиаданың өткізу мақсаты- математикаға, физикаға, информатикаға қызығушылық танытатын оқушыларды анықтау және ғылымға деген қызығушылықты дамыту, сондай-ақ дарынды балаларды қолдау.
Олимпиадаға іріктеу кезеңі 6-8 сынып оқушыларының барлық тіркелушілеріне еркін қол жетімділікпен қашықтықтан өткізіледі.
Қорытынды кезеңі бойынша Жамбыл облысынан олимпиадаға 6 сынып оқушыларынан 21 оқушы қатысып өз бақтарын сынап 13 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
І дәрежелі дипломды - Тараз қаласы, «Aisultan school» мектебінің 6 сынып оқушысы Мәліктай Алдияр;
ІІ дәрежелі дипломды – Тараз қаласы, Қ.Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы Қалабай Абылай; Тараз қаласы, «Aisultan school» мектебінің 6 сынып оқушысы Серікбайұлы Әли;
ІІІ дәрежелі дипломды – Тараз қаласы, «Aisultan school» мектебінің 6 сынып оқушылары Махметқали Тауман, Уәли Әлинұр, Сейтқадыр Сезім, Қайратқызы Айсезім, Талғат Раяна, Аманбай Иманғали, бастаубай Мансұр, Асанханұлы Марғұлан, Ержанұлы Ерсайын, Омарбек Қайсар, Қалдыбек Ерасыл;
Сонымен қатар, Мәліктай Алдияр - «Aisultan school» мектебінің 6 сынып оқушысы РФМШ – Алматы қаласында орналасқан Республикалық физика-математика мектебінің грант жеңіп алды!
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!