МЕНЮ

Жамбыл облысы құрама командасына арналған оқу-жаттығу жиыны өткізілді

9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасына арналған оқу-жаттығу жиыны жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарындағы пәндер бойынша тереңдетіп оқытуға қызығушылықтарын арттыру, білімдерін жетілдіру, жаңа оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін кеңінен қолдана отырып республикалық олимпиадада тиімді нәтиже көрсету мақсатында 2026 жылдың 31 қаңтар -11 ақпан аралығында Тараз қаласында орналасқан Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығының базасында жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттарындағы пәндер бойынша оқу-жаттығу жиыны өтті.

Оқу-жаттығу жиынына Астана қаласының «Edlight academy» орталығынан шақыртылған тренерлер мен облысымыздың үздік педагогтері дайындық жүргізді. Жамбыл облысының құрама командасын құрайтын 53 оқушы қатысты.

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar