2026 жылдың 1-2 наурыз күндері аралығында «Білім инновация» Халықаралық қоғамдық қоры және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Меморандумы негізінде ұйымдастырылған Астана қаласы, «Spectrum» халықаралық мектебінің базасында «Ана тілі» республикалық интеллектуалды қазақ тілі олимпиадасы өтті.
Олимпиадаға Жамбыл облысынан 12 оқушы (4 команда) қатысып, нәтижесінде 6 оқушы (2 команда) жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, 6 оқушы (2 команда) «Белсенділер» номинациямен және «Үздік жазушы» номинациясымен - 1 оқушы, «Үздік қаламгер» номинациясымен - 1 оқушы марапатталды.
ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ЖӘНЕ ҚОЛА МЕДАЛЬ ИЕГЕРЛЕРІ:
«Ұлы дала қырандары» тобы - Шу ауданы, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушылары САТБАЙ АЛИНА, МЕЙРБЕК ГҮЛНАЗ, РАХЫМБАЙ САНДУҒАШ;
«Shyraq» тобы - Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатының 10 сынып оқушылары АСҚАНБЕК ЖАСҰЛАН, МҰРАТ НАЗЕРКЕ, САҒЫМБАЙ АМИНА.
«БЕЛСЕНДІЛЕР» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ:
«Қырандар» тобы - Меркі ауданы, Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушылары МУХТАР НУРАСЫЛ, ҚАСЫМ ЖАНЭЛЯ, МАРАТ ӘЛДИНА;
«DAZVibe» тобы - Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатының 10 сынып оқушылары ӨЛМЕС ДИАР, ҚАРИ АЯН, АСЕМБАЙ ЗАҢҒАР.
Сондай ақ, Шу ауданы, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушылары РАХЫМБАЙ САНДУҒАШ - «Үздік жазушы» номинациясымен, МЕЙРБЕК ГҮЛНАЗ - «Үздік қаламгер» номинациясымен марапатталды.
Жеңімпаз командаларды құттықтаймыз!