МЕНЮ

«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы және «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 28 ақпан күні Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының базасында жалпы орта білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.

Олимпиаданың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау және оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.

Олимпиадаға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының және облыстық білім басқармасына қарасты мекемелерден 115 оқушы қатысты.

Олимпиада бес бағыт бойынша өтті:

1. «Бейнелеушілер» (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында сурет салу);
2. «Білгірлер бәйгесі» (халық ауыз әдебиеті үлгілері бойынша сайыс);
3. «Жас қаламгер» (жазбаша шығармашылық жұмыс);
4. «Сөз шеберлері» (шешендік өнер, көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу);
5. «Әнші-бұлбұлдар» (ән айту).

Олимпиаданың нәтижесінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының І дәрежелі дипломын – 9 оқушы, ІІ дәрежелі дипломын - 18 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломын – 28 оқушы иеленіп, естелік сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, терең білімі үшін грамоталармен марапатталып, барлық оқушыларға сертификаттар берілді.

Жеңімпаз оқушыларды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar