МЕНЮ

«Жыр алыбы - Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңі өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 20 ақпан күні Тараз қаласының білім бөлімінің Жамбыл атындағы №5 гимназиясының базасында жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Жыр алыбы - Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңі өтті.

Айтыстың мақсаты мен міндеті:

- Оқушылар арасында Жамбыл Жабаевтың шығармаларын насихаттау;
- Оқушылардың суырып салмалық қабілеттерін, тума талант, табиғи дарындарын анықтау;
- Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, ауыз әдебиетінің рөлін, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету;
- Айтыскер жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру.

Айтысқа аудандық, қалалық білім беру ұйымдарынан 20 оқушы қатысты.

Айтыс 2 номинация бойынша өтті:

1. Тақырыптық айтыс;
2. Қайым айтыс.

Айтыстың нәтижесінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының І дәрежелі дипломын – 2 оқушы, ІІ дәрежелі дипломын - 2 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломын – 4 оқушы иеленіп, терең білімі үшін грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар, барлық оқушыларға сертификаттар берілді.

Жас айтыскерлерді жүлделі орындарымен құттықтаймыз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar