МЕНЮ

Республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 17 ақпан күні Тараз қаласы білім бөлімінің М.Мақатаев атындағы №14 орта мектебiнің базасында Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты мен міндеті:

- Жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын насихаттау;
- Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда дәйекті жеткізе алуға баулу;
- Жас талапкер ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру.

Байқауға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының және облыстық білім басқармасына қарасты мекемелерден 60 оқушы қатысты.

Байқау 4 номинация бойынша өтті:

1. «Айтып өткен ақында арман бар ма?» - өлеңдерін жатқа оқу номинациясы;
2. «Жыр эстафетасы» - поэмаларын жатқа оқу номинациясы;
3. «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» - жас ақындар номинациясы;
4. «Дариға, домбырамды берші маған» - аспаппен жанды дауыста ән орындау номинациясы.

Байқаудың нәтижесінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының І дәрежелі дипломын – 4 оқушы, ІІ дәрежелі дипломын - 9 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломын – 14 оқушы иеленіп, терең білімі үшін грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар, барлық оқушыларға сертификаттар берілді.

Жеңімпаз оқушыларды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar