Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 11 наурыз күні Абай атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясының базасында жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты мен міндеті:
- Философ ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу; тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту;
- Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының туындыларындағы ел мен жерді құрметтеу, аялау, қадіріне жету идеяларын жас ұрпақ бойында сіңіру;
- Әдебиетті, тіл мен өнерді құрмет тұтатын оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ұштау;
- Ғұлама еңбектерінің ел егемендігінің бастауы болғандығын көрсету;
- Ақынның әдеби-тарихи деректерге толы шығармалары мен фольклорлық жазбаларындағы ұлттың ұлы тұлғаларымен таныстыру.
Байқау 5 номинация бойынша өтті:
1. «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» ақындар мүшайрасы номинациясы;
2. «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» ғылыми зерттеу жобасын қорғау номинациясы;
3. «Білімді зерек адам болам!» -десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен эссе жазу номинациясы;
4. «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар» номинациясы;
5. «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау ақындар» номинациясы.
Байқаудың нәтижесінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Бас жүлдесін - 5 оқушы, І дәрежелі дипломын - 5 оқушы, ІІ дәрежелі дипломын - 8 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломын - 12 оқушы иеленіп, терең білімі үшін грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар, барлық оқушыларға сертификаттар берілді.
Жеңімпаз оқушыларды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!