Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 18 наурыз күні Абай атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясының базасында 9-11 сынып оқушылары арасындағы қазақ тілі мен әдебиетінен Қ.О.Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты – Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету болып табылады.
Олимпиада 2 айналымда өтті:
1. Жазбаша - эссе; 2. Ауызша - қазақ тілін, қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қ.О. Бітібаеваның өмірбаянын, оның ғылыми мұрасын және публицистикалық еңбектерін білу бойынша.
Олимпиада нәтижесінде І дәрежелі дипломын - 3 оқушы, ІІ дәрежелі дипломын - 6 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломын - 9 оқушы иеленіп, терең білімі үшін грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар, барлық оқушыларға сертификаттар берілді.
Жеңімпаз оқушыларды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!