2026 жылдың 19-24 наурыз күндері Қостанай қаласында өткен жаратылыстану-математикалық бағыттағы математика және информатика пәндері бойынша Республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған бұл айтулы додада еліміздің ең мықты жас зияткерлері бақ сынады.
Бұл сында Жамбыл облысының намысын қорғаған 12 оқушының 7-еуі жүлделі орындарды иеленді. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломдары мен медальдарын иеленген біздің өрендер өңір абыройын асқақтатты!
ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ, ҚОЛА МЕДАЛЬ ИЕГЕРЛЕРІ:
• Аян Қайсар - Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы (математика пәні);
• Айдайбек Абдурахман - Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы (математика пәні);
• Жексеналы Жанболат - Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы (математика пәні);
• Көшкімбай Әлинұр - Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы (информатика пәні);
• Медер Мирас - Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы (информатика пәні);
• Дәрібай Қуаныш - Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатының 11 сынып оқушысы (информатика пәні);
• Маханов Али – Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатының 11 сынып оқушысы (информатика пәні).
Бұл жетістік – оқушылардың таудай табандылығы мен білімге деген шексіз құштарлығының, сондай-ақ олардың ұстаздарының кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің жемісі.
Жас дарындар мен олардың тәлімгерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге алдағы білім белестерінде жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз!