МЕНЮ

Физика, биология пәндері бойынша республикалық олимпиада жеңімпаздары анықталды

2026 жылдың 20-25 наурыз күндері Астана қаласында өткен жаратылыстану-математикалық бағыттағы биология және физика пәндері бойынша Республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған бұл білім додасында Жамбыл облысының намысын қорғаған 12 оқушының 5-еуі жоғары дайындықтарын дәлелдеп, олжалы оралды!

ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ЖӘНЕ ҚОЛА МЕДАЛЬ:

* Алдашбеков Ахмедияр – Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатынының 9 сынып оқушысы (биология пәні);
* Нұртілеу Мират - Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатынының 11 сынып оқушысы (биология пәні);
* Мұрат Адэль - Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 11- сынып оқушысы (биология пәні);
* Шырынханов Бексултан - Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатынының 11 сынып оқушысы (физика пәні);
* Сейсенбаева Майя - Тараз қаласы, Ә.Бөкейханов атындағы #1 гимназиясының 10 сынып оқушысы (физика пәні);
«Бұл жетістік – ұстаздың еңбегі, оқушының табандылығы мен ата-ананың қолдауының жемісі!»

Жас зияткерлерімізді және оларды дайындаған ұстаздар қауымын шын жүректен құттықтаймыз! Білім белестеріңіз бұдан да биіктей берсін!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar