МЕНЮ

«Серік оқулары» облыстық әдеби-шығармашылық байқауы өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 27 наурыз күні Абай атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясының базасында Серік Томановтың туылғанына 70 жыл толуына орай жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында «Серік оқулары» облыстық әдеби-шығармашылық байқауы өтті. Аталмыш байқаудың ашылу салтанатына ақынның жан-жары Бибігүл Оразбаева мен ұлы Еркін Серікұлы Жапаров қатысты.

Байқаудың мақсаты мен міндеті:

- Ақын, жазушы Серік Томанов шығармаларын терең меңгерту, жас ұрпақтың рухани дүниетанымын байыту;
- Поэзияға деген қызығушылықты арттыру, талантты жастарды анықтау және қолдау;
- Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайту және көркем сөз өнеріне баулу.

Байқауға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының және облыстық білім басқармасына қарасты білім беру мекемелерінен үздік деп танылған оқушылар облыстық байқауда бақ сынысты.

Байқау 2 номинация бойынша өтті:

1. «Көркем сөз шебері» - Серік Томановтың өлеңдерін жатқа оқу номинациясы;
2. «Жас ақын» - арнау өлеңдерін оқу номинациясы.

Байқаудың нәтижесінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының І дәрежелі дипломын – 2 оқушы, ІІ дәрежелі дипломын – 4 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломын – 6 оқушы иеленіп, терең білімі үшін грамоталармен марапатталды және естелік сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Жеңімпаз оқушыларды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar