2026 жылдың 27-28 наурыз күндері аралығында қр оқу-ағарту министрлігінің «дарын» рғпо «абай ұлттық мектебі» рмм бірлесіп, желілік «абай мектептері» жұмысын жандандыру мақсатында қызылорда қаласы, абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектептің базасында viii республикалық «іші-алтын, сырты-күміс сөз жақсысы...» шешендік өнер байқауы өтті.
Байқауға Жамбыл облысынан 2 оқушы қатысып, нәтижесінде 1 оқушы – ІІ дәрежелі дипломды, 1 оқушы – ІІІ дәрежелі дипломды иеленіп, қаржылай сыйақымен марапатталды.
ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАЙ СЫЙЛЫҚ ИЕГЕРІ:
Байділда Айшолпан Қанатқызы – Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы.
ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАЙ СЫЙЛЫҚ ИЕГЕРІ:
Қуанышбек Назерке Ерболқызы - Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы.
Жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз!