2026 жылғы 20 ақпан мен 30 наурыз аралығында 9–11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттары бойынша Астана қаласы, «Edlight Academy» орталығында 54 оқушының қатысуымен оқу-жаттығу жиыны 3 кезең бойынша өтті:
Жиын кезеңдері:
1-кезең (20 ақпан – 6 наурыз)
Пәндер: Математика, Информатика, География пәндері бойынша 15 оқушы;
2-кезең (10 наурыз – 19 наурыз)
Пәндер: Физика, Биология, Химия пәндері бойынша 17 оқушы;
3-кезең (21 наурыз – 30 наурыз)
Пәндер: Қазақстан тарихы, Қазақ тілі, Ағылшын тілі, Құқықтану негіздері пәндері бойынша16 оқушы қатысты.
Қатысушылар білімдерін шыңдап, үлкен тәжірибе жинақтады.
Оқу-жаттығу жиындары барысында оқушылар өз білімдерін жетілдіріп, республикалық олимпиадаға жан-жақты дайындықтан өтті!